ГРЭС-1-де құны $410 млн болатын №2 энергоблокта жөндеу-қалпына келтіру жұмыстары жалғасуда

Фотография - ГРЭС-1-де құны $410 млн болатын №2 энергоблокта жөндеу-қалпына келтіру жұмыстары жалғасуда

Екібастұз ГРЭС-1 станциясында 2014 жылы іске қосылады деп жоспарланып отырған құны $410 млн болатын  №2 энергоблокта жөндеу-қалпына келтіру жұмыстары жалғасуда

124 0

 Екібастұз ГРЭС-1 станциясында 2014 жылы іске қосылады деп жоспарланып отырған құны $410 млн болатын  №2 энергоблокта жөндеу-қалпына келтіру жұмыстары жалғасуда.


Энергоблокты қалпына келтіруге жұмсалған инвестиция мөлшері 410 млн. АҚШ долларын құрайды. Қалпына келтіру жұмыстары 2011 жылдан бері жүргізілуде. Бұл уақытқа дейін қазандық қаңқасының темір құрылымын демонтаждау жұмыстары жүргізіліп, турбогенератордың іргетасы қалпына келтірілді, турбоқамсыздандыру сорғыларын монтаждау жұмысы басталды. Қазандық агрегатының жабдықтары толықтай жеткізілді. Құбыр желілері жүргізіліп, қазандықтың қыздыру жабдықтары орнатылып жатыр.

№ 2 энергоблокты қалпына келтіру ҚР ҮИИД мемлекеттік бағдарламасының Индустрияландыру картасына енген, сондай-ақ станцияның қазір қолданыстағы энергоблоктарын және жұмыссыз тұрған қуаттылықтарын қайта қалпына келтіруді көздейтін, құны 1 млрд. АҚШ доллары болатын кең ауқымды инвестициялық бағдарламаның бір бөлігі. 2012 жылы аталмыш бағдарлама шеңберінде қуаттылығы 500 МВт болатын №8 энергоблок іске қосылған еді. Қалпына келтіру жұмыстарының нәтижесінде №2 энергоблоктың техникалық-экономикалық көрсеткіштері жақсармақ.

Станцияның осымен жетінші энергоблогын іске қосудың арқасында оның қуаттылығы тағы 500 МВт- қа, яғни 3500 МВт-қа дейін өседі және 50 жаңа тұрақты жұмыс орны ашылады. Қалпына келтіру жұмыстарына қазақстандық мердігер ұйымдардың 500-ден астам қызметкері жұмылдырылған - деп хабарлады newskaz.kz

«Біз энергетикалық қуаттылықтарды қалпына келтіру, электр қуатына деген артып келе жатқан сұранысты қанағаттандыру, аймақтағы экологиялық ахуалды жақсарту мен жаңа жұмыс орындарын ашу бойынша мемлекет алдындағы міндеттемелерімізді сапалы әрі уақытылы орындауға талпынамыз. №2 энергоблоктың іске қосылуы өндірілген электр қуатының көлемін жылына 21 млрд. КВт сағатқа жеткізуге мүмкіндік береді», - деді кәсіпорынның Бас директоры Рысқан Свамбаев.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!