«ҚазМұнайГаз» әлеуметтік есебін жариялады

Фотография - «ҚазМұнайГаз» әлеуметтік есебін жариялады

Корпоративті әлеуметтік жауапкершілік пен тұрақты даму саласында есеп-қисап дайындау жұмысын «ҚазМұнайГаз» 2008 жылдан бері жүргізіп келеді.

148 0

Корпоративті әлеуметтік жауапкершілік пен тұрақты даму саласында есеп-қисап дайындау жұмысын «ҚазМұнайГаз» 2008 жылдан бері жүргізіп келеді. Биылғы әлеуметтік есеп Есеп-қисап жөніндегі жаһандық бастама (GRI, Global Reporting Initiative) дайындаған қаржылық емес есеп-қисаптың халықаралық стандарттары талаптарына сәйкес жасалды.

«ҚазМұнайГаз»ҰК АҚ-ның тұрақты дамуы саласында 2012 жылға есебі ұлттық компания Директорлар кеңесі шешімімен 2013 жылдың 25 қыркүйегінде бекітілді.

Есепте тұрақты даму тұрғысынан компания қызметінің аса маңызды қырлары кең көрініс тапқан: мүдделі тараптармен өзара әрекет, қауіпсіздік пен еңбекті қорғау, қоршаған ортаны сақтау, адам капиталын әлеуметтік қолдау мен дамыту, аймақтарды дамытуға бөлінген инвестициялар және тағы басқа.

2012 жылға Есепті дайындау кезінде компания қазақстандық және халықаралық тәжірибенің озық үлгілеріне, ҚР заңнамаларының талаптары мен корпоративті стандарттарға негізделген тұрақты даму саласында мәліметтерді жинау, біріктіру мен талдауда өз тәжірибелеріне сүйенді. GRI есеп-қисабы әдістемесінде қарастырылған экономикалық, экологиялық және әлеуметтік нәтижеліліктің көрсеткіштері жан-жақты оқылып, зерттелді.

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ қаржылық емес есеп-қисаптың халықаралық стандарттарына сәйкес тұрақты даму саласындағы Есебін жыл сайынғы негізде жариялап тұруды көздеп отыр.

 

BNews.kz сайтынан


Тегтер:

компания

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!