Депутаттар букмекерлiк кеңселердi жабуды ұсынды

Фотография - Депутаттар букмекерлiк кеңселердi жабуды ұсынды

Бүгiн ҚР Парламентi Мәжiлiсiнде лотерея мен лотерея қызметiне қатысты заң жобаларының таныстырылымы барысында депутат Рауан Шаекин букмекерлiк кеңселер азарттық тәуелдiлiктi туындататынын айтып, оларды жабуды ұсынды

152 0

Бүгiн ҚР Парламентi Мәжiлiсiнде лотерея мен лотерея қызметiне қатысты заң жобаларының таныстырылымы барысында депутат Рауан Шаекин букмекерлiк кеңселер азарттық тәуелдiлiктi туындататынын айтып, оларды жабуды ұсынды.

«Бұл заңды жасаумен қатар, букмекерлiк кеңселердiң «өмiрiн» тоқтату қажет. Қазiргi таңда бұрындары ойынханалардан шықпайтын азаматтар мен азарттық ойындарға әуесқойлар букмекерлiк кеңеселерді айналшақтап жүр. Бұл мәселенi заңды тұрғыдан шешу қажет», - дедi депутат Рауан Шаекин.

Мәжiлiсмен Кеңес одағы кезiнде ақшалы-бұйым лотереясы иедологиялық тұрғыдан насихатталғанын атап өттi.

«Дүкеннен зат сатып алғаннан кейiн қалған ақшаға лотерея алып, белгiлi бiр бұйымды ұтып алуға болатынын барлығы бiлетiн. Шаңсорғыш, доп және тағы басқа заттар ойнатылды», - деп толықтырды ол.

«Ғаламторға көз жүгiртсеңiз, қаншама ата-ананың букмекерлiк кеңселердi жабуды өтiнiп отырғанын байқауға болады. Олардың барлығын жабу керек, себебi олар бүркеме азарттық ойындар болып табылады», - деп өз ойын дәлелдей түстi депутат.

Шаекиннің айтуынша, букмекерлiк кеңселерде белгiлi бiр идеология жоқ, ал лотерея саласы құрылған кезден бастап идеологиялық тұрғыдан шыңдалып келедi.

Дене шынықтыру және спорт агенттiгiнің төрағасы Ерлан Қожағапанов журналистерге берген сұхбаты барысында букмекерлiк кеңселер мәселесi тиiстi заң жобасында қарастырылатынын атап өттi.

«Букмекерлiк кеңселер мәселесi басқа заң жобасымен қарастырылады. Оған қатысты заң жобасын парламентке бөлек ұсынатын боламыз», - дедi Қожағапанов.

Оның айтуынша, заң жобасы бiр ай iшiнде парламент қарауына егiзiлмек. Сонымен қатар, агенттiк төрағасы букмекерлiк кеңселер түрлi әлеуметтiк мәселелердi туындатып, әуесқойлықтың пайда болуына себепкер болатынын жоққа шығармады - деп хабарлады  bnews.kz

«Букмекерлiк кеңселер бүгiнгi таңда белсендi түрде дамып келе жатыр. Олармен бiрге бiрқатар әлеуметтiк мәселелер де туындауда. Мысалы, мұндай орындар көпшілік жастарды өзіне тәуелдi етіп, ажырасудың себепкерiне айналуда. Оларды жабу-жаппау мәселесi заң жобасында қарастырылады», - дедi ол.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!