Қазақстанда көгілдір отынды өндіру көлемі төмендеуде

Фотография - Қазақстанда көгілдір отынды өндіру көлемі төмендеуде

Қазақстанда көгілдір отынды өндіру 2013 жылдың тамыз айынан бастап төмендеп келеді

109 0

Қазақстанда көгілдір отынды өндіру 2013 жылдың тамыз айынан бастап төмендеп келеді.

Қазақстанның өндіріс саласындағы мұнай және газ конденсатын өндіру динамикасы тұрақсыз. Ол бірде көтерілсе, енді бірде күрт төмендеп кетеді. Жыл басынан бері қаңтарда – 6,985 млн. тонна, наурызда – 7,135 млн. тонна, шілдеде – 7,044 млн. тонна мұнай және газ конденсаты өндірілген. Бұл ең жоғарғы көрсеткіштер болса, ең төмені ақпан айында – 6,463 млн. тоннаны құраған. Биылғы жылдың қыркүйек айында оның 6,572 млн. тоннасы шығарылыпты.


Ал, мұнай өңдеу зауыттарындағы оны игеру көлемі жыл басынан бері қыркүйек айында өсіп, 1,340 млн. тоннаны көрсетті. Ең төмен көрсеткіш 976 мың тонна шілде де тіркелді - деп хабарлады  baq.kz


Сондай-ақ көгілдір отын туралы айтатын болсақ, бұл салада айтарлықтай өсім байқалмай отыр. Жыл басынан бері газ наурыз айында 3,791 мың текше метр өндірілсе, ең аз көлем мамырда 3,118 мың текше метрді құрады. Жалпы жыл басынан бері газды өндіру динамикасы жайлап төмендеп келеді.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!