ҚР өңірлерінде мәслихат депутаттарының сайлауы өтіп, 72 адам сайланды

Фотография - ҚР өңірлерінде мәслихат депутаттарының сайлауы өтіп, 72 адам сайланды

Ағымдағы жылдың 27 қазанында республиканың 14 өңірінде 72 сайлау округіндегі шығып қалған мәслихаттар депутаттарының орнына сайлау өтті

211 0

Ағымдағы жылдың 27 қазанында республиканың 14 өңірінде 72 сайлау округіндегі шығып қалған мәслихаттар депутаттарының орнына сайлау өтті.

 

«18 облыстық, Астана қаласының мәслихаттары депутаты, 18 қалалық және 36 аудандық мәслихаттар депутаты сайланды. 244 ұсынылған кандидаттардың 77-сін саяси партиялар мен қоғамдық бірлестіктер ұсынды, қалған 167-сі - өзін-өзі ұсынғандар. Сайлау бюллетендеріне 185 кандидаттың тегі енгізілді», - деді Жексембекова дүйсенбіде өткен брифингте.

 

Оның ақпаратынша, орташа бәсекелестік бір депутаттық мандатқа 2-ден аса кандидат болды. Дауыс беру 547 сайлау учаскелерінде өтті.

 

Сайлаушылар тізіміне 478344 сайлаушы енгізілді. Дауыс беруге 338016-сы қатысты. Жалпы республика бойынша сайлаушылардың келуі 70,7%-ды құрады - деп хабарлады  newskaz.kz

 

Дауыс беру барысы мен дауыстарды санау рәсімін кандидаттардың 347 сенім білдірген адамы, саяси партиялардың 281 өкілі, қоғамдық бірлестіктердің 109 өкілі және 76 БАҚ өкілі байқады.

 


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!