15 жасар қари 1 млн. теңге ұтып алды

Фотография - 15 жасар қари 1 млн. теңге ұтып алды

Бүгін Алматыдағы Студенттер сарайында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы ұйымдастырған V республикалық Құран жарысының қорытынды рухани кеші өтті

208 0

Бүгін Алматыдағы Студенттер сарайында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы ұйымдастырған V республикалық Құран жарысының қорытынды рухани кеші өтті.

Дін жанашырлары мен демеушілерінің қаржылай қолдауымен өткен жүлде қоры 4 млн. теңгені құрайтын сайысқа республика бойынша 600-ден астам жас хафиздер қатысты. Олар төрт бағыт бойынша бақ сынасты: Құранның 5 парасын жатқа оқу, Құранды мәнерлеп оқу, 10 пара Құранды жатқа айту және қасиетті кітапты толық (30 пара) жатқа оқу.

Рухани кеште ән-күй шырқалды, Құранның хикметтері жайлы бейнеролик көрсетіліп, актерлердің арнайы сахналық қойылымы халық назарына ұсынылды. Ғибратты қойылымнан әсер алған көпшілік көз жасына ерік берді.

Сонымен 600 қаридың ішінен жүзден жүйрік шыққан 5 шәкірт сахнада әділқазылар алқасының сынынан өтті. Жас дарындылар билетте келген сұрақтар бойынша Құранның аяттарын жатқа жалғастырып, мүдірмей оқып берді. Құран оқу ережесі, дауыс ырғағы мен нақышына да мән берілді. Сарапшылардың ұйғарымымен жүзден жүйрік шығып, жүлделі бірінші орынды иемденген 15 жастағы Құрбан Сансызбайұлына 1 млн. теңгенің сертификатын Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы табыстады. Хусей Уәлихадием екінші орынның жүлдесін (750 мың теңге) Мәжіліс депутаты Бақытбек Смағұловтың қолынан алды. Қуаныш Тоқсанбайұлы мен Әбділғаффар Тұрсыновтар үшінші орынның ақшалай сыйлығын (350 мың теңге) қанжығаларына байлады - деп хабарлады  baq.kz

«Мен 10 жасымда Құранды толық жаттап шықтым. Осындай үлкен жеңіске жетуіме әкемнің үлесі көп. Бүгінгі ұтып алған ақшамды әкеме беремін», – дейді бірінші орын иегері Құрбан Сансызбайұлы. 

 


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!