Алматыда көлік жолайрықтарының саны 20-ға жеткізіледі

Фотография - Алматыда көлік жолайрықтарының саны 20-ға жеткізіледі

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Алматыдағы «Мега-2» сауда-ойын-сауық орталығының жаңа ғимаратында болды

298 0

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Алматыдағы «Мега-2» сауда-ойын-сауық орталығының жаңа ғимаратында болды.

 

«Өңірлерде, атап айтқанда, Алматыда болғанымда, мен адамдардың толыққанды тіршілігі және қаланың тиімді дамуы үшін қажетті жаңадан салынған көлік және әлеуметтік нысандарды қарап шығамын. Ол анағұрлым көрікті әрі тіршілікке қолайлы бола түсуде. Басты проблема – экологиялық мәселе болып қалуда  – автокөлік көбеюде, кептелістер мен бөгелістер пайда болуда. Көлік жолайрықтарын, жаяу жүргіншілер өткелдерін салу Алматының көлік проблемаларын шешуге бағытталған. Тек соңғы жылдары ғана 13 жол айрығы салынды. Келешекте бұл цифр 20-ға жетіп, оларды салу одан әрі жалғасын табады. Барлық салынған нысандар қаланы көрікті етіп, оны заманауи қалаға айналдырады», – деді Мемлекет басшысы.

 

Қазақстан Президенті жалпы аумағы 77800 шаршы метрден астам 3 деңгейлі заманауи орталықты қарап шықты. Сауда-ойын-сауық орталығында 1000 орындық амфитеатр, сондай-ақ түрлі арт-инсталля́циялар орналасқан - деп хабарлады newskaz.kz

 

Сөз соңында Нұрсұлтан Назарбаев қазақстандықтарды отандық боксшылардың әлем чемпионатында жалпы командалық есепте бірінші орын алуымен құттықтады. Мемлекет басшысы бұл Қазақстан боксының зор табысы екенін, оның еліміздегі спорттың осы түрінің кеңінен таралуына оң ықпал ететінін атап өтті.          

 


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!