Үкімет отырысында білім саласының дамуы сөз болды

Фотография - Үкімет отырысында білім саласының дамуы сөз болды

Бүгін Үкімет үйінде өткен отырыста Білім және ғылым министрі Аслан Сәрінжіпов пен «Кәсіпқор» холдингі» ҰАҚ Басқарма төрайымы Елдана Сәдуақасова өз ведомстволарында атқарылған шаруалар жайында баяндама жасады

133 0

Бүгін Үкімет үйінде өткен отырыста Білім және ғылым министрі Аслан Сәрінжіпов пен «Кәсіпқор» холдингі» ҰАҚ Басқарма төрайымы Елдана Сәдуақасова өз ведомстволарында атқарылған шаруалар жайында баяндама жасады,деп хабарлады Baq.kz тілшісі.

Министрдің айтуынша, елімізде техникалық және кәсіптік білім беру саласында үдемелі индустриялық-инновациялық дамудың мемлекеттік бағдарламасына сәйкес, бизнес пен білім берудің әріптестігін күшейту және техникалық мамандық бойынша білім алуға тең мүмкіндіктер жасау басым бағыттар болып табылады екен.

- Осыған орай, бүгінгі таңда ТжКБ жүйесінде «Кәсіпқор» холдингі» табысты дамып жатыр. 2016 жылға дейін 16 оқу орнында 7 мыңнан аса және жұмыс берушілердің тапсырысы бойынша 9 мыңнан аса адам оқытылатын болады, - деді ол.

Ал «Кәсіпқор» холдингі» Төрайымының айтуынша, алдағы үш жылда үдемелі индустриялық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасының (ҮИИДМБ) қажеттілігін қанағаттандыру мақсатында 73-ке жуық жаңа оқу бағдарламалары – халықаралық деңгейдегі колледждер үшін 23 бағдарлама және аймақ аралық орталықтарға, серіктестік колледждеріне 50-ден аса бағдарлама әзірлену үстінде екен.

 


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!