Жылдамдықты шектен асырғандар көлiгiнен айырылуы мүмкiн

Фотография - Жылдамдықты шектен асырғандар көлiгiнен айырылуы мүмкiн

Бұл жөнiнде ҚР Орталық коммуникациялар қызметiнде өткен брифингте ҚР Iшкi iстер министрлiгi Әкiмшiлiк полиция комитетiнiң төрағасы Игорь Лепеха мәлiмдедi.

126 0

Жол қозғалысы туралы жаңа заң жылдамдықты асырғаны үшiн жүргiзушiнiң көлiк құралынан айыру қарастырылуда. Бұл жөнiнде ҚР Орталық коммуникациялар қызметiнде өткен брифингте ҚР Iшкi iстер министрлiгi Әкiмшiлiк полиция комитетiнiң төрағасы Игорь Лепеха мәлiмдедi.

Жол үстіндегi төтенше оқиғаларды болдырмас үшiн, жол қозғалысы туралы жаңа заң аясында Iшкi iстер министрлiгi жол қозғалысы ережесiн бұзғаны үшiн жауапкершiлiктi қатайтуды қарастырып отыр. Аталған заң жобасы Мәжiлiс қарауына жолданған болатын. Қазiр ол депутаттардың қызу талқылауында.

«Қазiргi уақытта құқық бұзғаны үшiн айыппұл салынатын барлық тармақтар бойынша бiз, егер үшiншi рет құқық бұзылса, онда жүргiзу куәлiгiнен айыруды қарастырдық. Яғни, қауiпсiздiк белбеуiн тақпағаны үшiн бiр рет, екi рет айыппұл салынып, жүргiзушi одан еш қорытынды шығармай, тағы қайталаса, онда үшiншi рет бiз оны сот шешiмiмен 6 айға дейн жүргiзушi куәлiгiнен айыруды қарастырдық», - дедi И.Лепеха.

Оның айтуына қарағанда, 7 негiзгi құқық бұзушылық бойынша айыппұл санкцияларын арттыру ұсынылған. Бұл көлiк басқару кезiнде жүргiзушiнiң телефонды пайдалануы, жылдамдықты асыруы, жол қиылысынан өту ережесiн бұзу, маневр жасау ережесiн бұзу, көлiктi жолдың қозғалыс бөлiгiне қою, тоқтау және аялдау ережесiн бұзу, абайсыздық салдарынан адам денсаулығына жеңiл және орташа деңгейде зиян келтiру.

«Мысалы, 10-20 км/сағ жылдамдықты асырғаны үшiн айыппұл 5 АЕК-тен 10 АЕК-ке дейiн ұлғайтылады. Сонымен қатар, 40 км/сағ астам ұзақтықта жылдамдықты асыру, жолдың қарсы бетiне шығу және iшкi iстер органының тоқтау туралы бұйрығын орындамағаны үшiн айыппұлдың орнына 9 айға дейiн көлiк құралынан айыру қарастырылуда», - деп отыр комитет басшысы.

 

bnews.kz сайтынан


Тегтер:

полиция сот

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!