Қазақстанда автокөлік арзандады

Фотография - Қазақстанда автокөлік арзандады

Бұл туралы Қазақстан автобизнес ассоциациясының 2013 жылдың қыркүйек айындағы Қазақстандағы автомобиль саласына жасаған шолуында көрсетілген.

250 0

Күзден бастап Қазақстанда жеңіл көлік пен жол талғамайтын көліктің орташа құны 21 784 доллар, бір жыл бұрын бұл 22 971 доллар шамасында болған, яғни баға шамамен 5,2%-ға төмендеген. Бұл туралы Қазақстан автобизнес ассоциациясының 2013 жылдың қыркүйек айындағы Қазақстандағы автомобиль саласына жасаған шолуында көрсетілген.

«2013 жылдың басынан бері ең көп көліктер 10-15 мың долларға (32% - 2012 жылы қаңтар-қыркүйекте 27%) сатылған. 10 мың долларға автомобильдердің 17%-ы сатылған (өткен жылғы аталған мерзімде - 21%). 15-20 мың долларға 16% автомобиль (былтыр 15%) саудаланған.

Құны 20-25 мың долларлық көліктің үлесі – 10% , былтырғыдан сәл ғана көп (9%). 25-40 мың долларлық машиналар (16%, былтыр 15%) және 40-80 мың доллар аралығындағы (6% былтыр 9%) көліктер сатылымы төмендеген», - деп көрсетілген шолуда.

Онда, 2013 жылдың қаңтары мен тамызы аралығында 2,6 млрд доллардың жаңа көліктері сатылған, былтырғы осы кезеңмен салыстырғанда 67%-ға артқан (2012 жылы 1,54 млрд доллар). Жаңа көліктер саудалауда отандық машина жасаушылардың үлесі 547 млн доллар, былтыр 9 айда олар 264 млн доллардың машиналарын сатқан. Импорттаушылар үлесінде 2 млрд доллар болса, олар былтыр 1,3 млрд доллардың жаңа автокөліктерін саудалаған.

 

bnews.kz сайтынан


Тегтер:

темир жол

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!