Елбасы Грузияның жаңа президентін сайлаудағы жеңісімен құттықтады

Фотография - Елбасы Грузияның жаңа президентін сайлаудағы жеңісімен құттықтады

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Георгий Маргвелашвилиге оның Грузия Президенті лауазымына сайлануына байланысты құттықтау жеделхатын жолдады

208 0

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Георгий Маргвелашвилиге оның Грузия Президенті лауазымына сайлануына байланысты құттықтау жеделхатын жолдады деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Жеделхатта Қазақстан Президенті Г.Маргвелашвилидің жоғары мемлекеттік лауазымдағы қызметі Грузияның одан әрі жан-жақты дамуы мен өркендеуіне септігін тигізетініне сенімін білдірді.

«Қазақстан мен Грузия арасындағы өзара тиімді ынтымақтастық біздің елдеріміз халықтарының игілігі үшін өзара сенім мен құрмет жағдайында алда да дами беретініне сенемін», – деп атап өткен Мемлекет басшысы.

Нұрсұлтан Назарбаев Г.Маргвелашвилиге зор денсаулық және жауапты қызметінде мол табыс, сондай-ақ достас грузин халқына бейбіт өмір мен бақ-береке тіледі. 

 


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!