Әлемнің ең озық аффинаж зауыты Астанада салынды

Фотография - Әлемнің ең озық аффинаж зауыты Астанада салынды

Технологиялық жарақталуы бойынша Астанадағы «Тау Кен Алтын» зауыты әлемде ең заманауи аффинаж кәсіпорны болып саналады.

269 0

Технологиялық жарақталуы бойынша Астанадағы «Тау Кен Алтын» зауыты әлемде ең заманауи аффинаж кәсіпорны болып саналады.

Бұл туралы бүгін журналистерге арналған пресс-тур барысында зауыт директоры Мейрамғали Тілеужанов мәлім етті.

«Технологиялық жарақталуы бойынша әлемде осындай заманауи аффинаж зауыты тек Қазақстанда ғана болады. Зауытта шикізатты электрлі-химиялық тәсілмен тазалау технологиясы қолданылмақ. Тәулік бойы пайдаланылған 3 тонна су тазартылып, қайта іске жаратылып отырады. Құйма құятын қондырғылардан бөлінетін түрлі газдар да ауаға таралмайды. Экологиялық таза жоба ретінде бұл EXPO-2017 көрмесінің алғашқы қарлығашы бола алады. Астанадағы аффинаж зауыты экономикалық, техникалық тұрғыда ғана емес, экологиялық тұрғыда ең озық зауыт деп нық сеніммен айта аламыз», - деді М.Тілеужанов.

Оның айтуынша, толық технологиялық және шикізаттық қуаттылыққа жеткен кезде зауыт жылына 75 тонна алтын мен 400 тонна күміс шығара алады. Мұндай көрсеткіш Қазақстанның аффинажға деген қажеттілігін толығымен қамтамасыз етпек.


Тегтер:

завод

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!