Биыл 19 млн. тоннадай астық жиналады

Фотография - Биыл 19 млн. тоннадай астық жиналады

Бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында ҚР Ауыл шаруашылығы вице-министрі Мүслім Өміряев осындай болжам жасады.

289 0

Ағымдағы жылы жиналатын астықтың таза салмағы 18,5-19 млн. тонна болады. Бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында ҚР Ауыл шаруашылығы вице-министрі Мүслім Өміряев осындай болжам жасады.

«Бүгінде әкімдіктердің ақпараты бойынша бидай егін алқаптарының 97 пайызы жиналды. Осы уақытқа дейін бастырылған өнімнің бункерлік салмағы 20,5 млн. тоннаны құрады. Демек, қазіргі кезде біз биылғы астықтың жалпы көлемі 18,5-19 млн. тоннаға жетеді деп айта аламыз», - дейді М.Өміряев. Вице-министр атап көрсеткендей, биыл Қазақстан экспортқа 9-10 млн. тонна астық шығара алады.


Тегтер:

ауыл

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!