Ресей: Әблязовтың адвокатының қамау мерзімі ұзарды

Фотография - Ресей: Әблязовтың адвокатының қамау мерзімі ұзарды

Мәскеудің Тверь аудандық соты қазақстандық бұрынғы банкир, оппозициялық саясаткер Мұхтар Әблязовтің адвокаты Елена Тищенконы қамауда ұстау мерзімін 2014 жылдың ақпан айына дейін ұзартты

196 0

Мәскеудің Тверь аудандық соты қазақстандық бұрынғы банкир, оппозициялық саясаткер Мұхтар Әблязовтің адвокаты Елена Тищенконы қамауда ұстау мерзімін 2014 жылдың ақпан айына дейін ұзартты. Бұл туралы ресейлік "Коммерсант" басылымы хабарлады. Тищенконы қамауда ұстау мерзіміне қатысты сот отырысы 30 қазанда өткен.

Сот тергеушілердің "Тищенконың ісі бойынша әлі біраз тергеу жүргізу қажет" деген сұрауын ескерген. Қорғаушылары Тищенконы 40 миллион рубль кепіл төлеп қамаудан босатуды сұрағанымен, сот тергеу тарабын қолдаған.

Адвокат 31 қыркүйекте Франциядан Мәскеуге келген бойда ұсталып, қазанның басында екі айға қамалған. Тергеу деректері бойынша, Тищенко Мәскеуде Әблязовтың "қылмыстық жолмен иемденген мүліктерін заңдастырумен айналысқан". Елена Тищенко - Украина азаматы, Францияда тұруға рұқсат алған.

Мұхтар Әблязов 31 шілдеде Францияның оңтүстігінде Украинаның сұрауы бойынша ұсталған еді. Оны "ірі көлемде қаржы жымқырды" деп Қазақстан мен Ресей де сұратқан.

2005-2009 жылдары Қазақстанда "БТА банк" директорлар кеңесінің төрағасы болған Мұхтар Әблязов 2009 жылы банк мемлекет меншігіне өткен соң шетелге кетіп, Лондонға қоныстанған. Ұлыбритания оған 2011 жылы саяси баспана берген.

Қазақстан үкіметі Әблязовты "5 миллиардқа жуық АҚШ долларын жымқырды" деп айыптап, Ұлыбритания сотына жүгінген. 2012 жылғы ақпанда Лондон соты Мұхтар Әблязовты «сотты құрметтемегені» үшін 22 айға қамауға алып, активтерін құрсаулауға үкім еткен еді. Онымен келіспеген Әблязов 2012 жылы наурызда апелляциялық шағым жазған. 2012 жылы қараша айында Ұлыбританияның апелляциялық соты ақпанда шығарылған шешімді күшінде қалдырған.

Мұхтар Әблязовқа қарсы Ресейдің заң орындары да қылмыстық іс қозғап, 2010 жылы Мәскеу соты оны тұтқынға алу туралы сырттай үкім еткен.

Әзірге Франция соты Мұхтар Әблязовты абақтыда ұстап отыр.


Тегтер:

Ресей

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!