Қазақстан Ислам кеңесіне мүше болуы мүмкін

Фотография - Қазақстан Ислам кеңесіне мүше болуы мүмкін

Бұл жайында Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

196 0

Бұл жайында Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

«Қазақстан қаржылық қызмет көрсету жөніндегі ислам кеңесіне енуді көздеп отыр әрі ислами қаржыландыру нарығына қатысты халықаралық ұйымға кіру мәселесін қарастырып жатыр»,– деді премьер-министрдің орынбасары және осы ведомстваның тізгінін ұстаған Әсет Исекешев Ұлыбританияда өткен бүкіл әлемдік ислам экономикасының форумында сөйлеген сөзінде.

Сондай-ақ, ол Елбасының тапсырмасы бойынша ТМД мен Орта Азия елдеріне қызмет көрсететін аймақтық ислами қаржы орталығын құру жұмыстарымен айналысып жатқанын жеткізді. Нақтырақ айтқанда, 2020 жылға дейінгі аралықты қамтитын елімізде ислами қаржыны дамытудың жол картасы әзірленіп жатқанын еске салып өтті. 2013-2015 жылдарға арналған Ислам даму банкісімен серіктестік стратегиясына қол қойылғанын, ислами қаржы институтының жұмысын реттейтін құқықтық базаны жетілдіру жайын сөз етті.

Аталмыш шара аясында Әсет Исекешев Малайзия премьер-министрі Наджиб Тун Әбдіразақпен, Ислам даму банкісінің президенті Мұхаммед Әлімен кездесіп, Қазақстан-Британ инвестициялық жобаларды жүзеге асыру мәселесіне арналған жиынға қатысты.

Халықаралық ұйым болып табылатын ислами қаржылық қызмет көрсету жөніндегі кеңес 2002 жылы құрыылған болатын. Аталмыш ұйымның шариғат талаптарына сай қызмет көрсететін банк саласындағы, капитал және сақтандыру нарығындағы стандарттардың сақталуын бақылайтынын, осы стандарттарды әзірлейтінін әрі қолданысқа енгізетінін айта кету керек. Оның штаб-пәтері Малайзия астанасы Куала-Лумпурде орналасқан.


Тегтер:

парламент

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!