Қазақстан былтыр Ресейге 600 көлік экспорттады

Фотография - Қазақстан былтыр Ресейге 600 көлік экспорттады

Бұл туралы Экономика және бюджеттік жоспарлау вице-министрі Тимур Жақсылықов мәлім етті

124 0

Қазақстан былтыр Ресейге 600 көлік экспорттады. Бүгін Сенаттың жалпы отырысында «Айрықша жағдайларда Бірыңғай кедендік тарифтің ставкаларынан ерекшеленетін кедендік әкелу баждарының ставкаларын қолдану шарттары мен тәртібі туралы хаттамаға өзгерістер енгізу туралы» заңын талқылау барысында Экономика және бюджеттік жоспарлау вице-министрі Тимур Жақсылықов мәлім етті.

«Былтыр Дүниежүзілік сауда ұйымына қосылғаннан соң Ресей автокөліктерге қатысты алым енгізген болатын. Бұл (утилизациялық алым) автокөліктерге баж салығын төмендету мақсатында енгізіліп еді. Бүгінге дейін Қазақстаннан Ресейге автокөліктер импортталып келді. Атап айтқанда, былтыр біз шамамен 600 бірлік автокөлікті экспорттадық. Бұлар негізінен «Астана-моторс» құрастыратын Хюндай маркасындағы шағын жүк көліктері болатын. Жалпы экспорттық сома 29 млн. долларды құрады», - дейді Т. Жақсылықов.

Оның айтуынша, ағымдағы жылы да Қазақстаннан автокөліктер экспортталуда. «Дегенмен, проблемалар бар. Ресей алым енгізгеннен бастап бұған ДСҰ қарсы шығып келеді. ДСҰ бұндай алымның шеттен келетін көліктерге ғана емес, «Автовазға» да, Кеден одағының басқа да мүшелеріне салыну қажеттігін айтады. Сондықтан да, ендігі мәселе алымдардың қандай мәнде болатынында», - дейді вице-министр.


Тегтер:

завод

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!