Табиғатты ластағандарды 2 аптаға қамау керек

Фотография - Табиғатты ластағандарды 2 аптаға қамау керек

Қазақстанда көшедегі тазалықты бақылайтын арнайы полиция құру қажет. Бұл мекеменің қызметкерлері саябақтарда экорейдтер жүргізіп, қоршаған ортаны қоқсытушыларды ұстауы тиіс

242 0

Қазақстанда көшедегі тазалықты бақылайтын арнайы полиция құру қажет. Бұл мекеменің қызметкерлері саябақтарда экорейдтер жүргізіп, қоршаған ортаны қоқсытушыларды ұстауы тиіс. Мұндай бастаманы Парламент Мәжілісінің депутаты, Коммунистік партияның өкілі Тұрсынбек Өмірзақов көтерді.

«Күн сайын саябақта серуендеп жүріп, адамдардың айналаны ластап жатқанын жиі байқаймын. Қолындағысын екі метр жердегі қоқыс жәшігіне апарып тастауға ерінеді. Сондықтан олармен өз тілдерінде сөйлесу керек. Яғни, Қазақстанда мұндайларға тағайындалған ең қатаң жаза түрін қолдану қажет. Меніңше, табиғатты ластаушыларға 17 мың теңге төлетіп, босата салу өте жеңіл жаза. Темекінің тұқылын тастағандарға кемінде 500 АҚШ доллары мөлшерінде айыппұл салу керек. Сонда ғана адамдар өздерін тәртіпті ұстауға тырысады, сонда ғана қоғамда тәртіп орнайды», - дейді депутат мырза - деп хабарлады baq.kz

Сонымен қатар, оның айтуынша айыппұлмен ғана шектеліп қалмауымыз қажет. Қоршаған ортаның тазалығына салғырт қарағандарды 2 апта бойы көше сыпырту керек. Адамдардың алдында намысына тиетін жаза қолдансақ, екінші қайтара қоқыс тастауға жүрегі дауаламайды. Осылайша, біз көшелерді тазалауға жұмсалатын бюджет қаржысын едәуір үнемдеумен қатар, еліміздің халықаралық аренадағы беделін арттырамыз, дейді Өмірзақов.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!