Ішкі істер министрі АҚШ өкілімен кездесті

Фотография - Ішкі істер министрі АҚШ өкілімен кездесті

Қазақстан ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов АҚШ-тың Қазақстандағы елшісі міндетін уақытша атқарушы Джон Ордвеймен кездесті

112 0

Қазақстан ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов АҚШ-тың Қазақстандағы елшісі міндетін уақытша атқарушы Джон Ордвеймен кездесті.

Ішкі істер министрлігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, Қасымов пен Ордвей "қылмыспен күрес мәселелерін, қауіпсіздікке төнетін жаңа қауіп-қатерлермен күрестің жай-күйі мен келешегін" талқылаған.

Қасымов АҚШ өкілін қоғамдық тәртіпті қадағалау, қоғамдық және жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету шараларымен және ішкі істер органдарында жүргізіліп жатқан реформалардың барысымен таныстырған - деп хабарлады azattyq.org

Джон Ордвей бұған дейін Қазақстан бас прокуроры Асхат Дауылбаевпен және әділет министрі Берік Имашевпен де кездескен.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!