Алматы әкімі "қызтекелер" жайында айтып берді

Фотография - Алматы әкімі "қызтекелер" жайында айтып берді

Астанада өтіп жатқан ОҚК брифингі барысында Алматы қаласының әкімі шаһардағы "қызтекелер" жайында айтып берді

1136 0

Астанада өтіп жатқан ОҚК брифингі барысында Алматы қаласының әкімі шаһардағы "қызтекелер" жайында айтып берді.

"Алматы үлкен қала, мұнда небір жайттар орын алып жатады. Сондықтан, қалада "қызтекелер" жоқ деп айта алмаймын. Кейбір азаматтар бұл бағытқа бүйрек бұрып тұрса біз не істей аламыз" деді Есімов журналистерге берген жааубында.

Оның айтуынша, қаладағы гей-клубтарды жабу өз алдына, ең алдымен балаларды бесіктен бастап тәрбиелеу керек.

Айта кетейік, журналистердің бірі Алматыда 20 гей-клубтың барын айтып, әкімге шағымданған болатын. Бұған дейін депутат Алдан Смайыл да біржынысты некені жақтаушыларды қатты сынға алғаны есімізде - деп хабарлады baq.kz

"Бұл сауалды жайдан-жай қойып отырғаным жоқ. Қоғамда не болып жатқанын өзіңіз де жақсы білесіз. Астанада 4 гей-клуб жұмыс істейді. Ал, СПИД-орталықтың мәліметінше, оларға 240 мың "қызтеке" тіркелген. Қарағандыда тіпті, біріне бірі үйленіп жатыр" деген еді А.Смайыл.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!