Алматы әкімі әйелінің үйінде тұрады

Фотография - Алматы әкімі әйелінің үйінде тұрады

Бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында Алматы қаласының әкімі Ахметжан Есімов айлық жалақысын жария етті.

107 0

Бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында Алматы қаласының әкімі Ахметжан Есімов айлық жалақысын жария етті.

«Мен бұл сұраққа дайындалып келдім. Менің жалақым 645 мың теңгені құрайды, одан 130 мың теңге ұсталады. Қолыма таза алатыным 515 мың теңге», - деді ол.

Сонымен қатар Алматы әкімі елордада шағын үйінің бар екендігін, ал жұбайының атында оңтүстік астанада баспана тіркелгендігін атап өтті. «Мен қазір әйелімнің үйінде тұрып жатырмын», - деді А.Есімов қалжыңдап.


Тегтер:

Алматы

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!