Бішкекте Серік Ахметов жүгін таситын көлік соқтығысты

Фотография - Бішкекте Серік Ахметов жүгін таситын көлік соқтығысты

Бүгін Бішкекте Қырғызстанға сапармен барған Қазақстан премьер-министрі Серік Ахметовтің жүктерін алуға бара жатқан шағын автобус жол апатына ұшырады деп хабарлайды ақпарат агенттіктері

230 0

Бүгін Бішкекте Қырғызстанға сапармен барған Қазақстан премьер-министрі Серік Ахметовтің жүктерін алуға бара жатқан шағын автобус жол апатына ұшырады деп хабарлайды ақпарат агенттіктері.

Қазақстан премьерінің жүгін алып келуі тиіс Ford Transit шағын автобусы қала көшелерінің бірінде жеңіл Honda Fit көлігімен соқтығысып қалған. Төтенше оқиғадан ешкім зардап шекпеген.   

Оқыс оқиғаны Азаттыққа Бішкек қалалық ішкі істер басқармасы жол-патруль қызметінің кезекші қызметкері де растады - деп хабарлады   azattyq.org

Бүгін таңертең Бішкекке жұмыс сапарымен барған Серік Ахметов Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаевпен кездесті. Олар екіжақты байланыс, оның ішінде сауда-экономикалық және инвестициялық саладағы қарым-қатынас мәселелерін талқылаған.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!