Италияда Қазақстан елшілігі бизнес форум өткізді

Фотография - Италияда Қазақстан елшілігі бизнес форум өткізді

деп хабарлайды ҚР СІМ баспасөз қызметі

159 0

Италия Республикасындағы ҚР елшісі А.Елемесов Ломбардия мен Лигурия аймақтарына сапары барысында Қазақстан елшілігі ұйымдастырған бизнес форумға қатысты, деп хабарлайды ҚР СІМ баспасөз қызметі.

«Шара қортындысы бойынша Лигурия іскерлік топтарының өкілдері қазақстандық әріптестермен ынтымақтастық орнату үшін Қазақстан аймақтарына барып келуге қызығушылық танытты», -делінген хабарламада.

Сапар барысында А. Елемесов Миланның қала маңындағы аудандары – Ро мен Перода орналасқан ЭКСПО-2015 құрылыс алаңына барды.

Сол күні ҚР елшісі Ломбардияның басты экономикалық секторларын құрайтын жетекші кәсіпорын басшыларымен кездесіп, оларды Қазақстан экономикасының қазіргі хал-ахуалы мен даму перспективаларынан, ұлттық инновациялық әлеуетінен хабардар етті.

Сапар соңында ҚР елшісі «Амброзиана» кітапхана-көрмесіне ат басын бұрып, итальян және ағылшын тілдеріне аударылған ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың саяси, ғылыми және публицистикалық еңбектері мен бірқатар Қазақстан тарихына, салт-дәстүрі мен мәдениетіне қатысты кітаптарды сыйға тартты»,-деп мәлімдеді ҚР СІМ баспасөз қызметі.

 

bnews.kz сайтынан


Тегтер:

парламент

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!