Мемлекеттік хатшы АҚШ өкілімен кездесті

Фотография - Мемлекеттік хатшы АҚШ өкілімен кездесті

Қазақстан мемлекеттік хатшысы Марат Тәжин жұма күні АҚШ-тың Қазақстандағы уақытша сенімді өкілі Джон Ордвеймен кездесті

131 0

Қазақстан мемлекеттік хатшысы Марат Тәжин жұма күні АҚШ-тың Қазақстандағы уақытша сенімді өкілі Джон Ордвеймен кездесті.

Қазақстан президенті баспасөз қызметінің хабарлауынша, кездесуде тараптар Қазақстан мен АҚШ арасындағы "стратегиялық серіктестік, сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастық, мәдениет пен білім салалары бойынша кең ауқымды мәселелерді" талқылаған.

Тәжин екі ел арасындағы стратегиялық серіктестікті тереңдетудің маңыздылығын атап өткен.

Өткен жиырма жыл ішінде АҚШ Қазақстан экономикасына 24 миллиард доллар инвестиция салған. Қазақстанда экономиканың жетекші салаларында 300-ден астам бірлескен кәсіпорын жұмыс істеп жатыр - деп хабарлады azattyq.org

Бұған дейін Джон Ордвейдің Қазақстан бас прокуроры Асхат Дауылбаевпен, әділет министрі Берік Имашевпен және ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымовпен кездескені туралы хабарланған еді.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!