Қазақстан үкіметі жауапкершіліктен қорқады

Фотография - Қазақстан үкіметі жауапкершіліктен қорқады

Бұл жөнінде бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің брифингісінде «Қазақстанның азаматтық альянсы» заңды тұлғалар бірлестігінің президенті Нұрлан Ерімбетов мәлім етті.

143 0

Қазақстан үкіметі жауапкершіліктен қорқады. Бұл жөнінде бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің брифингісінде «Қазақстанның азаматтық альянсы» заңды тұлғалар бірлестігінің президенті Нұрлан Ерімбетов мәлім етті.

«Мен өңірлерге жиі барамын, еңбек ұжымдарымен кездесемін. Сонда маған «Президент елде не болып жатқанын біле ме?» деген сауалды көп қояды. Жақында өткен үкіметтің кеңейтілген отырысы Мемлекет басшысының жағдайды анық-қанығына дейін білетінін анық көрсетті», - деді Н.Ерімбетов.

Оның айтуынша, өкінішке орай, Елбасының айтқанын, берген тапсырмаларын Үкімет жалғастыра алмады.

«Бұл әңгіме жалғасын таппады. Әдеттегідей, кезекті жоспарлар, стратегиялар, доктриналар басталды. Мұның барлығы сол айтылғандардың бәрін жуып-шайып кетті», - деген өкінішін білдірді Ерімбетов.

«Үкіметтегілердің ешбірі жауапкершілікті мойындарына алғылары келмейді. Олардың сөзін тыңдап көріңдерші, олардың сөзі «Мемлекет басшысы айтқандай...», «Мемлекет басшысы атап көрсеткендей...», «Мемлекет басшысы тапсырғандай...» деп басталып, солай аяқталады. Ал сенің өзіңнің мақсатың, сенің тапсырмаң, сенің идеяң қайда? Сені не үшін министр, сені не үшін үкімет төрағасы, жауапты хатшы дейді? Мен кінәлі емеспін деп, бәрін үлкен кісіге жапсыра салады. Бізде мұндай тарихта болған. Менің ойымша, біз бұдан сабақ алуымыз керек», - деген пікірін білдірді ол.

 

bnews.kz сайтынан


Тегтер:

парламент

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!