Кәсіпкер жеткіншектерді ат спортына баулуды қолға алды

Фотография - Кәсіпкер жеткіншектерді ат спортына баулуды қолға алды

Елімізде ат спортын дамыту мәселесі өткір тұрған шақта Шығыс Қазақстан облысының Бородулиха ауданында жеке кәсіпкер балаларды ат спортына баулуға бел буды

269 0

Елімізде ат спортын дамыту мәселесі өткір тұрған шақта Шығыс Қазақстан облысының Бородулиха ауданында жеке кәсіпкер балаларды ат спортына баулуға бел буды.

Асыл тұқымды жылқы ұстайтын шаруа жеке мектебінде 12 жеткіншекті атбегілікке баулиды. Сондай-ақ, мұнда балалар үйінің тәрбиеленушілері, мүгедек және әлеуметтік тұрмысы нашар отбасыларының балалары да бар.

Валерия Бауманис - Ресейден арнайы шақыртумен келген маман. Ауыл балаларын ат спортына баулумен қатар осындағы жылқыларды да баптамақ. Әр жылқы ат спортының әр түріне жеке-дара дайындалады және өзінің шабандозына дағдылану қажет - деп хабаралды ҚазАқпарат

«Шығыс Қазақстанда нақты ат спортын дамытсақ дейміз. Яғни бұл жерде салт атпен жүрудің жоғары мектебі болады. 2 жылдың айналасында жылқылар мен шабандоздарды дайындап үлгеремін деп ойлаймын деді», - ат спортының бапкері В. Бауманис.

Бір өкініштісі, мұнда жыл он екі ай жеткіншектер ат спортымен шұғылдана алмайды. Себебі, төбесі жабық ат үйрететін алаң жоқ. Шаруашылық иесі Александр Подкорытов бұл ретте билік өкілдерінен үміт күтеді. Олар тізе қосып септессе, балалар қыс маусымында дәрістен қол үзбейтін болады деп отыр.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!