Соңғы 20 жылда Қазақстанда суармалы жерлердің үштен бірі қысқарған

Фотография - Соңғы 20 жылда Қазақстанда суармалы жерлердің үштен бірі қысқарған

1990 жылдары Қазақстанда суармалы жерлердің аумағы 2,1 млн гектар болса, қазіргі таңда олардың 1,5 млн гектары ғана жарамды

272 0

1990 жылдары Қазақстанда суармалы жерлердің аумағы 2,1 млн гектар болса, қазіргі таңда олардың 1,5 млн гектары ғана жарамды.

Осылайша соңғы жиырма жылда еліміздегі пайдаланылып жүрген суармалы жерлердің ауқымы үштен бірге қысқарған. Бүгін Парламент Мәжілісіндегі Үкімет сағатында ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Асылжан Мамытбеков осылай мәлім етті - деп хабарлады ҚазАқпарат

Министрдің айтуынша, суармалы жерлер мен олардың өнімділігі ауқымының қысқаруы бірқатар негізгі себептерге байланысты орын алып отыр. Атап айтқанда, жерлер экологиялық-мелоративтік жағынан нашарлай түссе, екінші жағынан дренаждық және суармалы жүйені қалпына келтіруге инвестиция деңгейі төмендеп кеткен. Суармалы жерлер тозып, фермерлер тарапынан ылғал үнемдеу технологияларын енгізуге ынта да болмай отыр. Бұл ретте министр Асылжан Мамытбеков мелоративтік және суармалы жерлерді қалпына келтіру үшін нарықтық тетіктерді қолдануды ұсынады.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!