Қазақстанда тапшы мамандықтарды анықтау мақсатында Білім министрлігі еңбек нарығын зерттеуде

Фотография - Қазақстанда тапшы мамандықтарды анықтау мақсатында Білім министрлігі еңбек нарығын зерттеуде

Еңбек нарығын қажетті мамандармен қамту үшін барлық мүдделі мемлекеттік органдар талапкерлерге кәсіби бағдар беру жұмыстарымен айналысуы қажет

400 0

Еңбек нарығын қажетті мамандармен қамту үшін барлық мүдделі мемлекеттік органдар талапкерлерге кәсіби бағдар беру жұмыстарымен айналысуы қажет.

Бұл туралы бүгін Астанада өткен «Мамандарды кооперативті дайындау - елорданың тұрақты экономикалық дамуының негізі» атты қалалық форумда Білім беру басқармасының басшысы Әсима Бимендина мәлім етті.

«Астанадағы колледждерде 29 мыңнан астам студент білім алуда. Техникалық мамандықтар бойынша жұмыспен қамту 100 пайызға таяу болып отыр. Бүгінгі таңда техникалық мамандықтарға талапкерлер аз қызығушылық танытады. Керісінше сұрынысы жоқ гуманитарлық мамандардың саны артуда. Осыған байланысты барлық мүдделі мемлекеттік органдар кәсіби бағдар беру жұмыстарымен айналысуы қажет», - деді А.Бимендина.

Оның айтуынша, Қазақстанда тапшы мамандықтарды анықтау мақсатында Білім министрлігі еліміздің еңбек нарығын зерттеуде. «Колледждер сол сараптаның негізінде Астанада қанша жаңа кәсіпорын ашылатынын, оған қанша және қандай мамандар қажет екендігін біледі. Сондықтан олар бізде тапшы болып отырған мамандықтар бойынша білім беруде. Осы орайда мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінен техникалық мамандықтарға басымдық бағытталған. 2013 жылы мемлекеттік тапсырыс саны 6 пайызға артып отыр», - деп атап көрсетті басқарма басшысы.

Бүгінгі форумның мақсаты - қаламыздың еңбек нарығына қажетті мамандарды даярлауға жұмыс берушілерді тарту, жастардың жұмысбастылығын қамтамасыз ететін шараларды белгілеу. Шара барысында әкімшілік, салалық қауымдастықтар, ірі компаниялар және оқу орындарының арасында 200-ден астам меморандумға, 300-ден астам келісімге қол қойылмақ. Оның аясында жастар елордадағы кәсіпорындарда тәжірибеден өтуге және жұмысқа орналасуға мүмкіндік алатын болады - деп хабарлады ҚазАқпарат


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!