АШМ судың тарифін қымбаттатуды ұсынды

Фотография - АШМ судың тарифін қымбаттатуды ұсынды

Бұл жөнінде бүгін Мәжілісте «Жерді мелиорациялау проблемалары және оларды шешу жолдары» тақырыбында өткен Үкімет сағатында ҚР ауыл шаруашылығы министрі Асылжан Мамытбеков мәлімдеді.

316 0

Ауыл шаруашылығы министрлігі Қазақстанда суармалы алқапқа берілетін судың тарифін өсіруді ұсынып отыр. Бұл жөнінде бүгін Мәжілісте «Жерді мелиорациялау проблемалары және оларды шешу жолдары» тақырыбында өткен Үкімет сағатында ҚР ауыл шаруашылығы министрі Асылжан Мамытбеков мәлімдеді.

Ауыл шаруашылығы министрлігінің хабарлауынша, бірқатар өңірлерде судың тарифі төмен. Бұл шаруаларды суармалы жүйені қалпына келтіру және суды үнемдеу бойынша тиісті жұмыстарды жүргізуге ынталандырмайды.

Министрдің айтуынша, аталмыш тариф оған тек қана минималды ағымдағы шығындар енгізілгендіктен төмен болып отыр. Ал желілерді жөндеп, қалпына келтіру шығыны тарифте қарастырылмаған.

«Су шаруашылығы нысандарын жөндеу және қалпына келтіруге кеткен шығындар есебінен тарифтерді қалыптастыру бұл салаға халықаралық қаржылық институттардың заемдық қаржыларын және жеке инвесторлардың қаржыларын тартуға мүмкіндік береді. Осы ретте тарифтердің өсуі шаруалардың суға деген шығындарының өсуіне алып келмейді, пайдалану көлемі екі кезеңде де – қалпына келтірілген жүйелерде минималды шығынсыз алқапқа дейін жеткізу, сондай-ақ суару кезінде үнемдеу жүйесін қолдану кезінде төмендейді», - деді А.Мамытбеков.

Нәтижесінде алдын-ала есеп бойынша суды тұтыну 3-4 есеге дейін төмендемек.

«Жеке жағдайларда, суға деген тариф фермерлер үшін қымбат болса, мемлекеттің субсидиялауы қарастырылуы мүмкін», - деп атап өтті министр.

Сондай-ақ «Агробизнес 2020» бағдарламасының аясында желілерді жөндеу, тамшылатып және жаңбырлатып суаруға арналған жабдықты сатып алу шығынының бір бөлігін өтеуді көздейтін инвестициялық субсидия бөлу қарастырылады.

«Жалпы суды тұтынуды төмендету – экологияға қолайлы әсер етеді, сондай-ақ суғаруға ауыл шаруашылығы жерлерінің қосымша алаңдарын тартуға және оның өнімділігін жоғарлатуға мүмкіндік береді», - деп түйіндеді министр.

 

bnews.kz сайтынан


Тегтер:

ауыл

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!