Үкiмет бiз алып тастаған нормаларды енгiзуге тырысады

Фотография - Үкiмет бiз алып тастаған нормаларды енгiзуге тырысады

Бұл жөнiнде бүгiн ҚР Орталық коммуникациялар қызметiнде өткен брифингте Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Экономикалық реформалар және өңірлік даму комитетінің мүшесі Айгүл Соловьева мәлiмдедi.

120 0

Үкiмет, мүдделi министрлiктер мен ведомстволар депутаттар алып тастаған нормаларды енгiзуге тырысып бағуда. Бұл жөнiнде бүгiн ҚР Орталық коммуникациялар қызметiнде өткен брифингте Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Экономикалық реформалар және өңірлік даму комитетінің мүшесі Айгүл Соловьева мәлiмдедi.

«Мемлекет басшысының кәсiпкерлiктi қорғау мәселесiне қатысты айтқан сынына байланысты пiкiрiмдi бiлдiрсем деймiн. Қазiргi уақытта бақылауға да, тексеруге де қатысты рұқсат беру процестерiн оңтайландыру бойынша үлкен жұмыс жасадық. Бiз, қоғамдық ұйым өкiлдерi, сарапшылар ретiнде бұл рұқсат беру тетігін барынша төмендетуге тырысып жатырмыз», - дедi А.Соловьева.

Бiрақ, оның айтуынша, жұмыс тобына кiретiн Үкiмет, министрлiктер мен ведомстволар депуттар алып тастаған нормалар бар заңдарды енгiзуге тырысуда.

«Сол себептi бiз «сырттан» қандай да бiр органның кiрiп кетпеуi үшiн, кейде қақпашы рөлiн атқаруымызға тура келедi», - деп түйіндеді депутат.

 

bnews.kz сайтынан


Тегтер:

парламент

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!