Елбасы ресми сапармен Ресей Федерациясына барады

Фотография - Елбасы ресми сапармен Ресей Федерациясына барады

ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев ресми сапармен Ресей Федерациясына барады. Бұл туралы бүгін «Қазмедиа» орталығында өткен ОКҚ-нің ресми өкілі Алтай Әбибуллаев мәлімдеді

348 0

ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев ресми сапармен Ресей Федерациясына барады. Бұл туралы бүгін «Қазмедиа» орталығында өткен ОКҚ-нің ресми өкілі Алтай Әбибуллаев мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

«Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев 10-11 қараша күндері Ресейдің Екатеринбург қаласында өтетін аймақаралық форумға қатысады. Форум барысында Ресей Федерациясының президенті Владимир Путинмен кездесіп, өзара ынтымақтастық туралы келісімдерге қол қояды», - деді А.Әбибуллаев.

Х-шы рет өткелі отырған бұл форум барысында екі елдің экономикалық ынтымақтастықты одан әрі дамыту жағдайы талқыланады. Естеріңізде болса, ІХ-шы форум Павлодар қаласында өткен болатын. Форум өз нәтижесін беріп, екі елдің сауда айналымы соңғы 9 айдың ішінде 15 млрд 200 млн АҚШ долларына жеткен.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!