Мектептегі парталар қауіпсіздік стандартына сәйкес келмейді

Фотография - Мектептегі парталар қауіпсіздік стандартына сәйкес келмейді

Мектеп жасындағы балалардың денсаулығына назар аудару керек.

199 0

Мектеп жасындағы балалардың денсаулығына назар аудару керек.

Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Светлана Романовская мәлім етті.

«Мен өткен жылы депутаттық сауал жолдаған болатынмын. Соның нәтижесінде мектептегі парталардың 70 пайыздан астамы қауіпсіздік стандартына сәйкес келмейтіні белгілі болды. Бұл дегеніміз өз кезегінде сколиоз дертіне алып келеді»,-деді депутат.

Осы орайда ол балалардың денсаулығына мектеп жасынан қарамағандықтан, әскер қатарына бес адамның екеуі ғана іріктелінетінін атап өтті.

«Ал қалғандары денсаулық жағдайына байланысты әскерге баруға қауқарсыз»,-деді С. Романовская.


Тегтер:

парламент

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!