Мемлекеттік сатып алуда электронды жүйе оңтайлы

Фотография - Мемлекеттік сатып алуда электронды жүйе оңтайлы

Бүгін Серік Ахметовтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында 11 қазанда Елбасының қатаң сынына ұшыраған қазіргі Үкіметтің кемшін тұстары сөз болып, істі ширата түсудің амал-әрекеттері кеңінен сөз болды.

196 0

Бүгін Серік Ахметовтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында 11 қазанда Елбасының қатаң сынына ұшыраған қазіргі Үкіметтің кемшін тұстары сөз болып, істі ширата түсудің амал-әрекеттері кеңінен сөз болды.

- Бұл ретте әрине бар жауапкершілік менің мойныма артылатыны сөзсіз. Сондықтан да министрлер мен әкімдерден, жалпы жауапты мамандардан өз жұмыстарын жүйелі ұйымдастыру мен жақсы нәтижелерге қол жеткізуін талап етемін. Сол себептен де бүгін бірқатар шенеуніктерге сөгіс жариялаймын. Егер қажет болса, министрлердің өзін жазалауды сұрап Елбасының өзіне шығамын, - деді қатқыл үнмен Серік Нығметұлы.

Сөйтті де Қаржы министрі болат Жәмішевтен мемлекеттік сатып алу қызметіне байланысты ұзақ жауап алып, кемшіліктерді түзету жолында не істеуге болатындығын сұрады. Әдеттегідей, баяндама оқығандай жауыр болған жаттанды жауапты тыңдағысы келмеген Үкімет басшысы Болат Бидахметұлынан сөзбұйдаға салмай нақты жауап беруін сұрады.

- Нақты айтар болсақ, құрметті Серік Нығметұлы мемлекеттік сатып алу жүйесі электронды сатып алу жүйесіне көше бастағалы сыбайлас жемқорлықтың көрсеткіші төмендеп, оны ұйымдастырушылар тарапына қатысушылар қауымынан орынды сын-ескертпелер, мен арыз-шағымдарын еркін білдіру мүмкіндігі артқан. Мұндай әрекет бізге конкурстардың заң шеңберінде әділ өтуіне зор септігін тигізеді. Сондықтан да, біз келешекте соңғы жүйені кеңінен қолданысқа енгізуді жоспарлап отырмыз, - деді министр.


Тегтер:

экономика

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!