Телеарналардың рейтингі анықталды

Фотография - Телеарналардың рейтингі анықталды

Тұрғындар арасында жүргізілген сауалнамалардың нәтижесінде Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың үкіметке айтқан сындарын халыққа дер уақытында жеткізе білген телеарналар белгілі болды

272 0

Бүгін «Қазмедиа» орталығында өткен брифингте «Демократия институты» ғылыми-зерттеу ассоциациясының қоғамдық Қорының директоры Юлия Кучинская еліміздің тұрғындары арасында жүргізілген сауалнама қорытындыларымен таныстырды.

«Тұрғындар арасында жүргізілген сауалнамалардың нәтижесінде Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың үкіметке айтқан сындарын халыққа дер уақытында жеткізе білген телеарналар белгілі болды. Олар (тұрғындар – Н.Ж) үкіметтің жұмысына тағылған сынды «Хабар» арнасы, «КТК» арнасы, «Қазақстан» Ұлттық арнасы», «7 арна» арқылы естіген. Бұл арналардың рейтингтері қазіргі уақытта ел ішінде жоғары болып отыр», - деді Юлия Кучинская.

Бірақ, қоғамдық Қор директоры газет-журналдар мен радио, электронды ақпарат құралдары туралы сауалнама нәтижелерін жарияламады. Оның айтуынша, сауалнама тек телеарналарға қатысты болған.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!