Қырғызстан Қазақстаннан жыл соңына дейін газ сатып алады

Фотография - Қырғызстан Қазақстаннан жыл соңына дейін газ сатып алады

Бұл туралы бүгін Бішкекте өткен брифингіде Қырғызстанның Қазақстандағы елшісі Есенғұл Өмірәлиев жария етті.

183 0

Қырғызстан 2013 жылдың соңына дейін Қазақстаннан 1 мың текше метрін 224 доллардан табиғи газ сатып алуын жалғастырады. Бұл туралы бүгін Бішкекте өткен брифингіде Қырғызстанның Қазақстандағы елшісі Есенғұл Өмірәлиев жария етті.

«Қырғызстан Қазақстаннан жыл соңына дейін тәулігіне 30 мың тонна текше метр газ сатып алады», - дейді елші.

Оның айтуына қарағанда әзірге Қырғызстанда «Қырғызгазды» ресейлік «Газпромға» сатуды ратификациялау үдерісі жүріп жатқандықтан Қазақстаннан табиғи газ сатып алуды жалғастыра бермек.

Естеріңізге сала кетсек, 1 қарашада өткен Қазақстан-Қырғыз үкіметаралық кеңесте «ҚазТрансГаз» АҚ-ы Қырғызстанға екіжаққа тиімді бағамен 300 млн текше метр табиғи газ тасымалдауды қарастыруды ұсынған болатын.

Аманатқа сәйкес, табиғи газ Қырғызстанға тиімді бағамен жеткізілмек, тек «ҚазТрансГаз» АҚ-ына «Қырғызгаз» ААҚ-ның қарызы келесідегі кестеге сәйкес жабылуы тиіс: 2013 жылдың қазаны 1,5 млн доллар, 2013 жылдың қарашасы 5 млн доллар, 2013 жылдың желтоқсаны 5,7 млн доллар.

Естеріңізге сала кетсек, 2011 жылдың 1 қазанынан бастап Қырғызстан Қазақстанның солтүстігінен табиғи газ сатып алып келеді. 2011 жылы газдың бағасы мың текше метріне 195 доллар, 2012 жылдан бастап 224 доллардан сатып алып келді. Қырғызстанның оңтүстігіне 2013 джылдан бастап табиғи газ Өзбекстаннан мың текше метріне 253 доллардан сатып алып келеді.

 

bnews.kz сайтынан


Тегтер:

газ

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!