Мемлекет басшысы халықаралық конференцияға қатысушыларды құттықтады

Фотография - Мемлекет басшысы халықаралық конференцияға қатысушыларды құттықтады

Қазақстанда денсаулық сақтау мемлекеттік маңызды басымдылық болып саналады

302 0

Қазақстанда денсаулық сақтау мемлекеттік маңызды басымдылық болып саналады. Бұл туралы бүгін Алматыда өтіп жатқан Медициналық-санитариялық алғашқы көмек (МСАК) жөніндегі Алматы декларациясының 35 жылдығына арналған халықаралық конференцияға қатысушыларға ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың құттықтауында айтылды - деп хабарлады  ҚазАқпарат

Құттықтауды алпыстан астам мемлекеттің делегациясы қатысқан алқалы жиында Премьер-Министрдің орынбасары Ербол Орынбаев оқып берді. Елбасы медициналық көмектің қолжетімділігі мен сапасын қамтамасыз ету отандық денсаулық сақтау моделінің негізгі стратегиялық міндеті екенін атап өткен. Алғашқы медициналық-санитарлық көмектің қалалық және ауылдық жерлердегі кең тараған жүйесі Қазақстан денсаулық сақтау саласының негізі екендігі айтылған.


Тегтер:

елбасы

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!