Жыл соңына дейiн 7 iрi жоба iске қосылады

Фотография - Жыл соңына дейiн 7 iрi жоба iске қосылады

Бұл жөнiнде бүгiн ҚР Орталық коммуникациялар қызметiнде өткен брифингте ҚР Премьер-министрінің орынбасары – индустрия және жаңа технологиялар министрі Әсет Исекешев мәлiмдедi.

181 0

2013 жылдың соңына дейiн 7 iрi жоба iске қосылады. Бұл жөнiнде бүгiн ҚР Орталық коммуникациялар қызметiнде өткен брифингте ҚР Премьер-министрінің орынбасары – индустрия және жаңа технологиялар министрі Әсет Исекешев мәлiмдедi.

«2013 жылы бiз Индустрияландыру картасына шамамен 500 млрд теңгенi құрайтын 140 жобаны енгiзудi жоспарлаған едік. Нәтижесiнде 13 мың тұрақты жұмыс орны құрылмақ. Үкiметтiң бақылауындағы жобалардың маңызы зор. Осы жылдың желтоқсан айында Индустрияландыру картасының 7 iрi жобасы iске қосылады», - дедi вице-премьер.

Сондай-ақ, оның айтуынша, биыл 6 жобаның құрылысы басталады. «Олардың қатарында Атырау облысындағы газ-химия кешенi, Жамбыл облысындағы еуро химиялық тыңайтқыш зауыты, Өскемендегi көлік зауыты бар. Барлық жобалар бойынша осы жылы 1,5 трлн теңгенi құрайтын инвестиция тартылады деп күтудемiз», - деп толықтырды Әсет Исекешев.

 

bnews.kz сайтынан


Тегтер:

парламент

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!