Биыл 146 индустриялық жоба қолға алынған

Фотография - Биыл 146 индустриялық жоба қолға алынған

 Бүгін Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрі Әсет Исекешов Мемлекет басшысының сындарынан кейінгі атқарылып отырған жұмыстары туралы журналистерге арнап брифинг өткізді.

267 0

АСТАНА. 6 қараша. BAQ.KZ – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев үкіметтің 11 қазандағы кеңейтілген отырысында «жоғары нәтижелі, инновациялық кәсіпорындар салу керек. Міне, осы бағыт бойынша Үкімет жұмыла жұмыс істеу керек» деп сынға алған болатын. Бүгін Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрі Әсет Исекешов Мемлекет басшысының сындарынан кейінгі атқарылып отырған жұмыстары туралы журналистерге арнап брифинг өткізді.

«2013 жылы 146 индустриялық жоба қолға алынған. Жобалардың құны 556 млрд теңге болады. Жобалар іске толық асқанда 14100 адамды жұмыспен қамту көзделген», - деді Ә.Исекешов.

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев: «Келесі бесжылдық жоспарын жасау өте маңызды. Керек нысандарды ғана тұрғызу қажет. Ал, жалпы индустрияландыру бір ғана министрліктің жұмысы емес, бұл ауыл әкімінен бастап бүкілінің жұмысы. Кім оны орындамайды, елдің стратегиялық бағдарламасын орындамады деген сөз» деген болатын.

Ә.Исекешовтың айтуынша, Елбасы сындарынан қорытынды жасалып, қазіргі уақытта жұмыс тобы құрылған. Жыл соңына қарай нақты есептер ұсынылып, жұмыс нәтижесі белгілі болады.


Тегтер:

парламент

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!