Қазақстан ресейлік жанармай импортына шектеуді алып тастады

Фотография - Қазақстан ресейлік жанармай импортына шектеуді алып тастады

Қазақстан үкіметі ресейлік жанармай импортына шектеуді алып тастады. Осыған байланысты ҚР Мұнай және газ министрлігі арнайы қаулы қабылдады.

250 0

Қазақстан үкіметі ресейлік жанармай импортына шектеуді алып тастады. Осыған байланысты ҚР Мұнай және газ министрлігі арнайы қаулы қабылдады.

"Қазақстанда ресейлік мұнай өнімдерін импорттауға шектеу осы жылдың мамыр айынан бастап енгізілді. Басты мақсат нарықты тауарбастылықтан қорғау", - дейді мамандар. Бұл шектеу әу баста осы жылдың аяғына дейін созылады деп күтілген.

Жалпы, шектеу кезінде Ресейден Қазақстанға ай сайын 94-135 мың тонна деңгейінде мұнай өнімдері жіберіліп отырған. Ал, бізден теріскейдегі көршімізге орташа есеппен ай сайын 160 мың тоннасы жөнелтілген. Сондай-ақ, орыс ағайындар шілде-қыркүйек айларының аралығында 17-34 мың тонна деңгейінде өнім жіберген. Себебі, олар ең алдымен ішкі нарықты қамтамасыз етуі тиіс.

Өткен жылы Қазақстан көршімізден 40 млрд. рубьлге 1,3 млн. тонна мұнай өнімдерін сатып алған. Елімізге жанармай жеткізетін ресейлік ең ірі импорттаушы «Газпром нефть» болып табылады. Қазақстан Ресейден жанармай сатып алуға мәжбүр, өйткені ішкі нарықтың қажеттіліктерін толығымен қамтамасыз ете алмайды. Бүгінде елімізде не бәрі 3 мұнай өңдейтін зауыт жұмыс істейді. Өткен жылы олар 14 млн. тонна мұнайды өңдеп, 2,88 млн. тонна бензин шағарды.


Тегтер:

бензин

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!