Астана әкімдігі типтік мектептер құрылысы құнының әртүрлі болуын түсіндіріп берді

Фотография - Астана әкімдігі типтік мектептер құрылысы құнының әртүрлі болуын түсіндіріп берді

Қалалық әкімдіктің өкілдері мен қалалық құрылыс басқармасының басшысы Еркін Дүйсенов тілшілерге қаладағы типтік мектептер құнының әртүрлі болуын түсіндіріп берді.

289 0

Қалалық әкімдіктің өкілдері мен қалалық құрылыс басқармасының басшысы Еркін Дүйсенов тілшілерге қаладағы типтік мектептер құнының әртүрлі болуын түсіндіріп берді.

Әкімдік мысал ретінде көрші орамдардағы 1200 орындық Орынбор және Керей, Жәнібек хандар көшелеріндегі мектеп құрылыстарын алды. Мектеп ғимараттары бірдей жобамен жасалған, әрқайсысы үш қабатты, ауданы 11,765 мың шаршы метр. Бірінші мектеп құрылысының жалпы сметалық құны 1,935 млрд теңге. Мектеп құрылысына бюджеттен 1,992 млрд теңге бөлінген. Мектепті «Алтаир СК7» ЖШС мен «Малика и К» ЖШС-лары салған.

«Бір типті нысандар құрылысының бағасына жүргізілген талдау 57 млн теңге айырма бар екендігін көрсетті. Ол сома инженерлік инфрақұрылымға қосылу жүйесінің және аумақты аббантандырудың айырмашылығына байланысты. Мысалы, «Алтаир СК7» ЖШС-ы салған мектеп жобасы бойынша электрмен қамтамасыз ететін құны 35 млн теңге 10/0,4 кВ трансформаторлық подстанса қамтылған. Ал құны 69,5 млн теңге 10кВ тарату пунктті мектептегі болса сол маңайдағы тұрғын үйлерді және екі мектепті де электрмен қамтамасыз етеді. Осыған байланысты қажетті электр желісін тарту бойынша да айырмашылық 12,5 млн теңгеге жетеді», - деді Еркін Дүйсенов.

Сондай-ақ, оның айтуынша жылу желілеріне қосылуда да айырмашылық бар. Бірінші мектеп Астана қалалық ІІД-іне шектесетін жобалық нысанға төте қосылған, екіншісі Орынбор көшесінің магистральдік желісіне алыстан қосылған. Сондықтан екінші мектепте осындай жұмыстар үшін кәріздік желіге қосуға 30 млн теңге және сумен жабдықтауға 2,5 млн теңгедей артық шыққан. Осындай айырмашылық басқа желілерге қосылуда да бар, айталық телефон желісі, ауланы жарықтандыруда және тағы басқалары. Сонымен бірге бірінші мектепте сыртқы жылу желілерінің құны 29 млн теңге қымбаттау шыққан.

 

bnews.kz сайтынан


Тегтер:

парламент

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!