"Болашақтықтар" мемлекетке 323 миллион теңге қарыз

Фотография - "Болашақтықтар" мемлекетке 323 миллион теңге қарыз

Кезінде "Болашақ" бағдарламасымен шетелге кетіп, оқи алмай қайта оралған ел азаматтарының мемлекетке берешегі 2 миллион доллардан асты.

163 0

Кезінде "Болашақ" бағдарламасымен шетелге кетіп, оқи алмай қайта оралған ел азаматтарының мемлекетке берешегі 2 миллион доллардан асты.

Шетелде оқуға грант бөлетін Халықаралық бағдарламалар орталығы биыл оқуын оқи алмаған 40 "болашақтық" азаматтың үстінен арыз түсірді. Олар орталықпен арадағы келісімді бұзып немесе оқу үлгерімі нашарлап, университеттен шеттетілген.


Орталық заңгерлері сотта 29 істі жеңіп шыққандығын айтып отыр. Ал 11 азамат талаптың заңды екенін мойындап, бейбіт келісімге қол жеткізген. Енді олар 10-15 жыл көлемінде қарыз болған 111 миллион теңгесін қайтаруы тиіс. Ал, сот шешімімен келіспеген 18 экс-студенттен берешегі мәжбүрлі түрде өндіріледі. Олар мемлекетке 212 миллион теңге қарыз.


Тегтер:

экономика

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!