Ипотекалық несиені бала санына қарай субсидиялауды енгізген маңызды - А. Тұртаев

Фотография - Ипотекалық несиені бала санына қарай субсидиялауды енгізген маңызды - А. Тұртаев

Ипотекалық несиені бала санына қарай субсидиялауды енгізген маңызды

162 0

Ипотекалық несиені бала санына қарай субсидиялауды енгізген маңызды. Бүгін Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында Үкімет басшысының атына сауал жолдаған депутат Алмас Тұртаев осылай мәлім етті.

«Адам ресурсы - ең басты құндылық. Елбасының «Қазақстан-2030», «Қазақстан-2050» стратегиялық бағдарламаларында, еліміздегі демографиялық өсімді және азаматтарымызды жан-жақты әлеуметтік қамсыздандыру туралы нақты мақсаттар көзделген. Алайда, бүгінгі күні қолданыста ешқандай демографиялық даму бағдарламасы жоқ екендігін жасырмауымыз керек», - дейді депутат А. Тұртаев.

Оның айтуынша, елімізде соңғы он жылда демографиялық жағдай оң өріс алып отыр. Мысалы, халық саны 2 миллионға жуық өсіп, туу көрсеткіші мен қайтыс болған азаматтардың санының қатынас динамикасы жақсара түскен - деп хабарлады  ҚазАқпарат

«Дегенмен, елімізде жасы 25-тен жоғары отбасын құрмаған азаматтарымыздың саны - 3 миллионға жуық. Адам өміріндегі басты құндылық - шаңырақ көтеріп, отбасын құру, ұрпақ өрбіту. Казіргі таңда жастарымыз, алдымен жеке бастың қажеттілігін бірінші кезекке қояды. Бұл - заңдылық. Өйткені отбасын құру үшін, алдымен баспана мәселесін шешіп алу қажет. Қазіргі уақытта демографиялық проблемаға тап болып отырған әлемдегі көптеген мемлекеттер түрлі ынталандыру жұмыстары арқылы жеңілдіктер қарастырып, демографиялық өсімді қамтамасыз ету мақсатында заңдарына өзгерістер енгізіп, қабылдау мәселесін күн тәртібінен түсірмей келеді», - дейді А. Тұртаев. Осыған орай, депутат демографиялық өсімді ынталандыру және жастар арасындағы басты мәселені шешу құралы ретінде бала тууға байланысты ипотекалық несиеге мемлекеттік субсидия жасау қажеттігін алға тартады. «Мысалы, бірінші баланы туған кезде - несие сомасының 30%-ы мөлшерінде, екінші баланы туған кезде - несие сомасының 50%-ы мөлшерінде, үшінші баланы туған кезде - несие сомасының 80%-ы мөлшерінде, төртінші баланы туған кезде - ипотекалық несиені мемлекет толық жабу мүмкіндігін қарастыруды сұраймыз. Еліміздегі демографиялық жағдайды реттейтін арнайы мемлекеттік бағдарлама жоқтығын ескере отырып, осы бағыттағы мәселелерді кешенді түрде шешу үшін, қазіргі заман талаптарына жауап бере алатын демографиялық даму бағдарламасын қабылдау қажет деп есептейміз», - деді депутат.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!