Қазақстан мен Иран әскери-теңіз ынтымақтастығы нығаюда

Фотография - Қазақстан мен Иран әскери-теңіз ынтымақтастығы нығаюда

Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Әскери-теңіз күштерінің бас қолбасшысы контр-адмирал Жандарбек Жанзақов бастаған қазақстандық делегация Иран Ислам республикасында болды

130 0

Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Әскери-теңіз күштерінің бас қолбасшысы контр-адмирал Жандарбек Жанзақов бастаған қазақстандық делегация Иран Ислам республикасында болды.

Сапар аясында Әскери-теңіз күштерінің бас қолбасшысы бірқатар кездесулер өткізіп, әскери-теңіз саласындағы екі ел ынтымақтастығын кеңейту мәселелері талқыланды.

Қазақстандық тарап осы өңірде бейбітшілік пен тұрақтылықты сақтау жөніндегі тату көршілік қарым-қатынасты нығайту мақсатында Каспий маңы мемлекеттерімен ынтымақтастық жасаудың маңыздылығын атап өтті.

Сондай-ақ жұмыс сапарының барысында Әскери-теңіз күштерінің бас қолбасшысы Иранның оқу-жаттығу орталықтары - Әскери-теңіз базасына және Хомейни атындағы Әскери-теңіз институтына барып, ирандық әріптестердің соңғы жетістіктерімен және жаңа технологияларымен танысты. Бұл туралы ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлады.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!