В.Божко: Қазақстан спортта жетістікке жеткен мемлекетке айналды

Фотография - В.Божко: Қазақстан спортта жетістікке жеткен мемлекетке айналды

Бұл 2014 жылы Алматыда өрт сөндіру-құтқару бойынша әлем чемпионатын өткізуге байланысты  ұйымдастырылатын міндетті шара. Жиында сөз сөйлеген ҚР Төтенше жағдайлар министрі В.Божко осылай мәлім етті.

138 0

Алматыда Өрт сөндірушілер мен құтқарушылар спорт федерациясының ХІVконференциясы өтті. Бұл 2014 жылы Алматыда өрт сөндіру-құтқару бойынша әлем чемпионатын өткізуге байланысты  ұйымдастырылатын міндетті шара. Жиында сөз сөйлеген ҚР Төтенше жағдайлар министрі В.Божко осылай мәлім етті.

Конференцияға қатысушылар алдында сөз сөйлеген Қазақстанның Төтенше жағдайлар министрі Владимир Божко еліміздің егемендігі жылдарында спортта жетістікке жеткен мемлекетке айналғандығын тілге тиек етті.

«Елімізде спорттың бірқатар түрлері даму үстінде, оған барлық жағдай жасалған, осы саладағы ұйымдар да жақсы жұмыс істеуде. Ал өрт сөндірушілер мен құтқарушылар спорты нақты жағдайға біршама ұқсас, яғни күнделікті адам құтқару үшін күресті жетілдіруге бағытталған», - деді В. Божко.

Оның айтуына қарағанда, бұл жоба өрт сөндіру-құтқару спорты бойынша әлем біріншілігіне өткізуге дайындықтың басы екен.

«Биыл ҚР ТЖМ Қазақстан Үкіметінің қолдауымен жиналмалы, құрастырмалы оқу-жаттығу мұнарасы, германдық сусорғысы, өрттің ағынды-сорғыш желісі және басқа да Халықаралық федерация талаптарына және әлемдік стандарттарға сай құрал-жабдықтар сатып алынды», - деді В.Божко.

 

bnews.kz сайтынан


Тегтер:

спорт

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!