Қазақстанда тиімсіз салық жеңілдіктері алынып тасталады

Фотография - Қазақстанда тиімсіз салық жеңілдіктері алынып тасталады

Қазақстанда тиімсіз салық жеңілдіктері алынып тасталады.

130 0

Қазақстанда тиімсіз салық жеңілдіктері алынып тасталады.

Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Парламент Сенатының депутаты Сергей Плотников мәлім етті. Еске сала кетейік, брифинг негізінен 11 қазанда өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысындағы Елбасы жүктеген тапсырмаларды жүзеге асыру жолдарына арналған болатын.

Сенатор С. Плотниковтың айтуынша, Мемлекет басшысының тапсырмасына орай, бюджеттің орындалуы аясындағы мемлекеттік органдардың есептілігіне қатысты мәселелер өзгеретін болады. Бұл ретте бюджет қаражаттарын пайдалану тиімділігі игерілген қаражат көрсеткіштерімен емес, мемлекеттік органның стратегиялық жоспарында айқындалған нәтижелер бойынша бағаланбақ. «Бюджеттің ағымдағы шығыстары оңтайландырылады және жеке сектордың ынтымақты жауапкершілігі кеңейе түседі. Ал салық мәселелеріне келсек, Парламенттегі қос палата депутаттары бюджеттік үдерістерді жетілдіру бойынша бірнеше рет ұсыныстар жасаған еді. Оның ішінде депутаттар экономиканың басым секторына инвестицияны ынталандыру үшін салық жеңілдіктерінің тиімділігін арттырудың қажеттілігін талай рет көтерген болатын. Бұл мәселе қазір де өзекті. Жалпы, алдағы уақытта елімізде тиімсіз салық жеңілдіктері алынып тасталатын болады», - дейді С. Плотников.


Тегтер:

экономика

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!