Жерді тиімді пайдалану жайын шешпесек, біз ешқашан ауыл шаруашылығы мәселесін шеше алмаймыз

Фотография - Жерді тиімді пайдалану жайын шешпесек, біз ешқашан ауыл шаруашылығы мәселесін шеше алмаймыз

Жер - ауыл шаруашылығының негізі. Бұл туралы бүгін ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен Алматыда өткен «азық-түлік белдеуі» мәселесіне арналған алқалы жиында айтылды

191 0

Жер - ауыл шаруашылығының негізі. Бұл туралы бүгін ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен Алматыда өткен «азық-түлік белдеуі» мәселесіне арналған алқалы жиында айтылды.

«Еліміздегі ірі қалалардың бәрінде де қазір азық-түлікпен қамтамасыз етуде ешқандай мәселе жоқ. Отандық өнімдеріміз жоқ жерде оны импорт алмастырады. Жалпы «азық-түлік белдеуі» мәселесі ауыл шаруашылығын дамыту, тұтынумен тығыз байланысты болу керек. Сондықтан ірі мегаполистерде ең алдымен ауыл шаруашылығын дамыту қажет. Қазір Алматы мен Астананың маңында ондаған шақырым ауыл шаруашылығы жерлері өз мақсатына пайдаланылмай жатыр. Оның бәрі сатып алынып, банкке кепілдікке қойылған. Бұл - үлкен мәселе», - деді ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Асылжан Мамытбеков. Оның айтуынша, ауыл шауашылығына жүздеген мың доллардың қаржысын салуға инвесторлар дайын. Тек оған жер мәселесі қолбайлау болып отыр. Егер жерді тиімді пайдалану жайын шешпесек, біз ешқашан ауыл шаруашылығы мәселесін шеше алмаймыз.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!