Еліміздің шығысы мен оңтүстік-шығысында күн райы құбылмалы болады

Фотография - Еліміздің шығысы мен оңтүстік-шығысында күн райы құбылмалы болады

 Бүгін, 8-ші қараша күні еліміздің басым аумақтарында күн ашық болады, кей жерлерде тұман түседі

137 0

 Бүгін, 8-ші қараша күні еліміздің басым аумақтарында күн ашық болады, кей жерлерде тұман түседі. Бұл туралы ҚР ТЖМ баспасөз қызметі Қазгидрометке сілтеме жасап хабарлайды. 

Шығыс, оңтүстік-шығыста атмосфералық ауа ағындарының өтуіне байланыста күн райы құбылмалы болып, жауын-шашын болады, жел күшейеді.

«Қызылорда, түнде Маңғыстау, күндіз Батыс Қазақстан облысының кейбір аумақтарында желдің екпіні 15-20 мс дейін күшейеді. Жамбыл, Атырау, Шығыс Қазақстан облысында да 15-20 мс жылдамдықпен жел соғып, түнде және таңертең тұман түседі. Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, түнде Қарағанды облыстарында тұман түседі. Алматы облысының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады»,-деп жазылған хабарламада.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!