Қазақстанда дәнді дақылдардың 98,6% жиналды

Фотография - Қазақстанда дәнді дақылдардың 98,6% жиналды

Бүгінгі таңда дәнді дақылдарды жинау аяқталып қалды, дәнді дақылдардың 98,6% жиналды, деп хабарлайды Ауыл шаруашылығы министрлігі.

305 0

Бүгінгі таңда дәнді дақылдарды жинау аяқталып қалды, дәнді дақылдардың 98,6% жиналды, деп хабарлайды Ауыл шаруашылығы министрлігі.

«Бүгінгі таңда дәнді дақылдар жинау соңына таяп қалды, дәнді дақылдардың 98,6 % жиналды», - деп хабарланған ведомство мәлімдемесінде. Осылайша, ағымдағы жылдың 7 қарашасына мәлімет бойынша ауыл шаруашылық өндірушілері дәнді дақылдардың 20,7 млн тоннасын жинаған, дәнді дақылдардың орташа түсімділігі 13,3 ц/га құрады, бұл өткен жылғы көрсеткіштен 3,8 ц/га жоғары.

Жұмсақ бидайдың түскен көлемінің 5,2 млн тонна нан қабылдау кәсіпорындарына екінші класты бидайдың 0,7% түсті, 4,5 млн тонна сапасы бойынша үшінші класқа жатқызылды, ол 87,5 % құрайды.

«Үшінші класс үлесі өткен жылдардағы көрсеткіштерден төмен емес, жалпы алғанда жаңа түсім астығын жағымсыз температуралық режимге қарамастан сапасы бойынша жақсы деп сипаттайды», - деп атап өтілген АШМ мәліметінде.

Айта кету керек, түсім бойынша көшбасшылар Ақмола, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстары болып табылады, онда 12 млн га алқапта 15,1 млн тонна астық жиналды. Сонымен қатар, ағымдағы жылы Шығыс Қазақстан облысында - 1 млн тонна, Қарағанды облысында - 0,8 млн тонна және Павлодар облысында - 0,9 млн тонна дәнді дақылдардың мол түсімі жиналды.

 

bnews.kz сайтынан


Тегтер:

ауыл

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!