Қазақстан мен Италия сотталған азаматтарды бір-біріне тапсыруға келісті

Фотография - Қазақстан мен Италия сотталған азаматтарды бір-біріне тапсыруға келісті

Бүгін Астанада ҚР Бас прокуроры Асхат Дауылбаев пен Италия Республикасының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Альберто Пиери Қазақстан мен Италия арасындағы сотталған азаматтарды бір-біріне тапсыру туралы шартқа қол қойды

243 0

Бүгін Астанада ҚР Бас прокуроры Асхат Дауылбаев пен Италия Республикасының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Альберто Пиери Қазақстан мен Италия арасындағы сотталған азаматтарды бір-біріне тапсыру туралы шартқа қол қойды.

ҚР Бас прокуроры А. Дауылбаев атап көрсеткендей, мұндай келісімдер Еуропа тарапынан Қазақстанның құқықтық жүйесіне деген сенімнің артып келе жатқанын көрсетеді. Бұған дейін Испания мен Чехия елдері осындай құжатқа қол қойған болатын. Енді олардың қатарына Италия қосылып отыр. «Бүгінгі келісім күшіне енгеннен бастап, екі мемлекет сотталған азаматтарды еліне аудартып, жазаны өз жерінде өтеуге мүмкіндік береді. Осының арқасында олар туған-туысқандарын көріп, тілдік кедергілерге тап болмайды. Бұл шара сотталған азаматтардың өз ортасынан аластамай күнделікті қоғам өміріне қайта оралуына көмектеседі»,- деді А. Дауылбаев.

Италияның қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі А. Пиеридің айтуынша, бүгінде Италия жерінде сотталған Қазақстан азаматтары жоқ. Ал Қазақстанда есірткі заттарын сақтағаны үшін сотталған бір итальян азаматы бар.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!