Алматы айналасында азық-түлік белдеуі емес түйіткілді қоршау жасалуда

Фотография - Алматы айналасында азық-түлік белдеуі емес түйіткілді қоршау жасалуда

Алматыны азық-түлік өнімдерімен қамтамасыз ету жөніндегі бағдарламасын жүзеге асыру мәселелерін қатысты жиында Алматы қаласының әкімі азық-түлік белдеуін құру жұмыстарын сынға алды, деп хабарлайды Алматы қалалық әкімдігінің баспасөз қызметі.

216 0

Алматыны азық-түлік өнімдерімен қамтамасыз ету жөніндегі бағдарламасын жүзеге асыру мәселелерін қатысты жиында Алматы қаласының әкімі азық-түлік белдеуін құру жұмыстарын сынға алды, деп хабарлайды Алматы қалалық әкімдігінің баспасөз қызметі.

Қала әкімі Алматы азық-түлік белдеуін құру жұмыстарын сынға алды. «Егер алматылық тұтынушы көзімен қарасақ, 5 жыл ішінде Алматы азық-түлік белдеуі ештеңе берген жоқ. Нақты шекарасы айқындалмаған, ережесі де нақты емес. Азық-түлік белдеуіне бөлінген қаржы, өндірістің, қайта өңдеу, іске асырудың, суармалы жердің өскені байқалмайды. Нақты 5 жыл ішінде Алматыда ештеңе өзгерген жоқ», - деді Ахметжан Есімов.

Қала әкімі ауылшаруашылығы мақсатындағы жерлер жекеменшікке өтіп кеткендігін атап өтті. Сондай-ақ осы аумақ елдімекендерге айналып сол арқылы егіс алқаптары азайып Алматы айналасында азық-түлік белдеуін қалыптастыруға қауіп төндіруде. Бұл Алматыға салмақ түсіріп, қала айналасында азық-түлік белдеуі емес түйіткілді қоршауға айналды.

«Алматы нарығының көлемі бес жыл ішінде 2,2 –ден 3 млрд долларға өсті. Ал, Алматыны азық-түлікпен қамтамасыз ету қаншаға өсті? Нарықтағы сүт өнімінің 60%-ы, ет өнімдерінің 30%-ы және көкеністің 40%-ға жуығы импорттық үлеске тиесілі», - деді Ахметжан Есімов.

Алматы әкімі қаланы азық-түлікпен қамтамасыз етуге пайдаланылатын жер көлемін нақтылау керек деп түйіндеді.

Айта кетсек, жиынға Қазақстан Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаев және Ауылшаруашылығы министрі Асылжан Мамытбеков қатысты.

Естеріңізге сала кетсек, 11 қазанда Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың төрағалығымен өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы пайдаланылмаған жерлерді ревизиялау және оларды айналысқа түсіру тетіктерін әзірлеу жұмыстарының салғырт жүргізіліп жатқанын айтқан болатын.

 

bnews.kz сайтынан


Тегтер:

Алматы

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!