Қазақстанда дәнді дақылдарды жинау аяқталып қалды

Фотография - Қазақстанда дәнді дақылдарды жинау аяқталып қалды

Бүгінгі таңда дәнді дақылдарды жинау аяқталып қалды, дәнді дақылдардың 98,6% жиналды

181 0

Бүгінгі таңда дәнді дақылдарды жинау аяқталып қалды, дәнді дақылдардың 98,6% жиналды, деп хабарлады Primeminister.kz.

«Бүгінгі таңда дәнді дақылдар жинау соңына таяп қалды, дәнді дақылдардың 98,6 % жиналды», - делінген ҚР АШМ мәліметінде.

Осылайша, ағымдағы жылдың 7 қарашасына мәлімет бойынша ауыл шаруашылық өндірушілері дәнді дақылдардың 20,7 млн тоннасын жинаған, дәнді дақылдардың орташа түсімділігі гектарынан 13,3 центнерді құрады, бұл өткен жылғы көрсеткіштен гектарына 3,8 центнерге жоғары.

Астық қабылдау кәсіпорындарына түскен жұмсақ бидай көлемінің (5,2 млн тонна) 0,7% екінші класты бидайды, 4,5 млн тонна - үшінші класты (87,5 %) құрайды.

Үшінші кластың үлесі өткен жылдардағы көрсеткіштерден төмен емес екен.

Айта кету керек, түсім бойынша көшбасшылар Ақмола, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстары болып табылады, онда 12 млн. гектар алқапта 15,1 млн. тонна астық жиналды. Сонымен қатар, ағымдағы жылы Шығыс Қазақстан облысында - 1 млн тонна, Қарағанды облысында - 0,8 млн тонна және Павлодар облысында - 0,9 млн тонна дәнді дақылдардың мол түсімі жиналды.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!